Экология министрлігі: АЭС салудың Балқаш көлінің су көлеміне кері әсері жоқ

791

"АЭС салынса, Балқаш көлінің су көлеміне әсер етпейді!"

Экология министрлігі: АЭС салудың Балқаш көлінің су көлеміне кері әсері жоқ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осылай деп мәлімдеді. Көл маңында онсыз да жылу, я өзге де станциялар жұмыс істеп жатыр. Мәселені министрлік әлі де зерделемек. Десе де, Балқашқа кері әсері жөнінде нақты фактор әзірге келтірілмеді, – дейді.

Энергетика министрлігі Қазақстандағы алғашқы атом стансасы, Балқаштағы "Үлкен" ауылы маңында орналасады деген. Ал "ядролық аралды" нақты қай ел салып, қашан бастайтыны нақтыланбады.

Ескеретін факт, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте, АЭС құрылысының қаржысы қаралмаған. 2030 жылға таман қуат көзіне тапшылық болатынын ескерсек, жуырда мәселе бір жағына шығары анық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу