Экология министрлігі «Арселор Миттал Теміртауға» соңғы үш талабын қойды
23 Ақпан 2021 21:58 541

Шарттарды орындауға үнді миллиардеріне 4 жыл беріліп отыр. Осы уақыттың ішінде металлургиялық комбинаттармен қатар, жылу электр стансасындағы құрал-жабдықтар толықтай жаңартылып, зиянды заттарының шығарылымын азайту керек. Егер қоршаған ортаны ластауын тоқтатпаса, жұмысын мүлде тоқтатуы мүмкін.