Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" жоспардан тыс тексеру жүргізеді

1220

Тексеруге Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының рұқсат етілген нормаларынан асып кету фактісі тіркелгендігі себеп болып отыр.

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" жоспардан тыс тексеру жүргізеді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

19 ақпанда, сағат 16: 30-да, үрлеу кезінде газды тазартатын алғашқы скруббердің қабырғаларына жабысқан шаң N 2 конвертерге құлады. Балқу дереу тоқтатылды.

Ашықтық және бейтараптылық қағидаттарына негізделген тексеру қорытындылары бойынша Экология министрлігі баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңа экологиялық кодекске сәйкес ірі кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ), яғни бүгінгі күні шығарындылар деңгейін барынша төмендету үшін заманауи сүзгілерді енгізуі тиіс. Бұл талап заңмен бекітілген және биыл күшіне енеді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қазан айында Экология министрлігі аталған компаниямен 2023 жылға дейін шығарындыларды 30% - ға төмендету туралы Меморандумға қол қойғанын хабарлаймыз. Өңір тұрғындарының қатысуымен өткен соңғы кездесу кезінде министр Мағзұм Мырзағалиев "АрселорМиттал Теміртау" басшылығынан сәуірде шығарындыларды нақты жоспармен және сандармен азайту жөніндегі стратегияның тұсаукесерін өткізуді талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу