Экология министрлігі елорда маңындағы қоқыстарға рейд жүргізді

1011

Жедел желі іске қосылғалы 250-ден көп шағым түскен.

Экология министрлігі елорда маңындағы қоқыстарға рейд жүргізді

Экология министрлігі стихиялық қоқыстар бойынша жүйелі жұмыстарды бастады

 

Бүгін Қазақстанның Экология министрлігінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласына жақын жердегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді. Министрліктің хабарлауынша, мұндай рейдтер бүкіл елде жүргізілмек.

ҚР ЭГТРМ Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасовтың айтуынша, бұл жұмыстар Мемлекет басшысының стихиялық қоқыс үйінділерін жою туралы тапсырмасын орындаудың бастамасы.

Еске салсақ, биылғы 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық проблемаларды қозғаған болатын.

"Жыл сайын 5 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Оларды өңдеу көлемі еліміз бойынша тек 15% ғана. Бұл жеткіліксіз. Үкіметке жедел түрде заңнамалық база әзірлеп, "Waste to energy" технологиясын енгізу үшін қолайлы инвестициялық жағдай туғызу қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Министрлік Президент тапсырмаларын орындауға кіріскен. Мысалы өткен аптада Экология министрлігі әр өңірдегі стихиялық үйінділер туралы азаматтардан ақпарат жинау үшін жедел желіні іске қосқан.

"Бүгінде 250-ден аса шағым келіп түсті. Шағымдардың көбі Алматы облысындағы (40 шағым), Алматы қаласындағы (апта ішінде 18 хабарлама), Ақтөбе, Ақмола және Шығыс Қазақстан облысындарындағы қоқыс үйінділері туралы. Үйілген қоқыс туралы ең көп хабар берген Қарағанды (15) және Ақтөбе (14) облысының, сондай-ақ – Алматы қаласының (11) тұрғындары",– дейді министрліктен.

Экология министрлігі хабарлауынша, жыл басынан бері Қазақстанның ірі қалалары мен оның 50 шақырым аумағындағы өндіріс және тұтыну қалдықтарына ғарыштық мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде, бүкіл ел бойынша 7000-нан астам заңсыз қоқыс орындары анықталыпты. Ғарыштық мониторинг кезінде министрлік өңірлердегі үйінділерді жоюдың жаңа кестесін құрып, бекіту үшін әкімдіктерге жолдап, бүгінде үйінділердің 18-і жойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу