Экология министрлігі тұран жолбарысын көбейту үшін 1,1 миллиард теңге сұрады

247

Өтініш "Ашық бюджеттер" сайтында жарияланған. 

Экология министрлігі тұран жолбарысын көбейту үшін 1,1 миллиард теңге сұрады Фото: canva.com

Министрлік қаржы жолбарыстарға қажетті жағдай жасауға және Ұлытау тау массивінің табиғи әрі тарихи-мәдени орындарын сақтау үшін қажет деп көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жыл үшін – 778 726 000 теңге, ал 2026 жылға 370 148 000 теңге сұраған.

2010 жылы Қазақстан елде жолбарыс тұқымдарын қайта жандандыру идеясын қолдады. Осы мақсатпен 2024 жылы Қазақстанға Нидерландыдан амур жолбарыстары жеткізілді.

БҰҰ қолдауымен "Іле-Балқаш" табиғи қорығында жолбарыстарға арналған вольер орталығы құрылып, қазір олар сол жерде өмір сүруде.

Министрлік мәліметінше, амур және тұран жолбарыстары жеке түрлер емес. Қазақстанға жеткізілген жолбарыстар аумақтық белгі бойынша автоматты түрде тұран популяцияның бөлігі болып саналады.

Қазіргі уақытта "Іле-Балқаш" табиғи қорығында екі жолбарыс – Богдан мен Кума өмір сүріп жатыр. Биыл Ресейден жабайы табиғаттан тағы үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу