Экология министрлігі утилизациялық алымның "қымбаттайтыны" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

2323

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі бірнеше БАҚ-та утлизациялық алым мөлшерінің артатыны туралы жарияланған материалдарға түсініктеме берді.  

Экология министрлігі утилизациялық алымның "қымбаттайтыны" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

"Осы ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. 31 қаңтарда кәдеге жарату алымын қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының 5-ші отырысы өтті. Бұл отырыста қаптаманы, электронды әрі электр жабдықтарын және автомобиль компоненттерін қайта өңдеу ставкаларына қатысты мәселелер қаралды", – делінген түсіндірмеде.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған отырыста қайта өңдеушілер ӨКМ операторынан қалдық тасымалдаушыларға қарағанда аз қаражат алатындарына наразылық білдірген. Министр Серікқали Брекешев солардың уәжіне жауап ретінде қайта өңдеушілерді ынталандыру мөлшерін өзгерту туралы мәселені қарауға дайын екенін білдірген.

"Талқылау барысында министр С. Брекешев қайта өңдеушілердің қайта өңдеуді ынталандыру мөлшерін өзгерту жөніндегі ұсынысын қарауға әзірлігін білдірді. Бүгінде қаптаманы кәдеге жарату төлемінің ставкаларының коэффициенттері төмен және қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге арналған шығындарды өтемейді", – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу