Экология министрлігіне қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін

448

Бүгінде Аудиторлық палата Экология және табиғи ресурстар министрлігінде тексеруді аяқтады. 

Экология министрлігіне қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін Фото: aikyn.kz

Алайда тағы қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрайымы Наталья Годунова айтты. 

"Ертең министрліктердің аудит қорытындысын қарастыру бойынша отырыс өтеді. Сонда қосымша аудит туралы мәселені ортаға қойып, нақты бір шешім қабылдаймыз. Әлі Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша аудит аяқталмады. Бәлкім, қосымша тағы да шешім қабылдаймыз. Себебі былтырғы Қостанай облысындағы өртті, биыл Абай облысында болған өртті есепке алсақ, ТЖМ мен Экология министрліктерінің дайын болмады. Сондықтан да қосымша тексеру жүргізу туралы шешім қабылдамақпыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу