Экология министрлігінің қызметкерлері корпоративтен бас тартты

2641

Жаңа жыл қарсаңында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мерекелік корпоративтен бас тартты. Бұл туралы Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Экология министрлігінің қызметкерлері корпоративтен бас тартты

Оның айтуынша, ведомство қызметкерлері жаңа жылдық корпоративтің орнына "Балаларға қуаныш сыйла!" мейірімділік акциясын өткізген. 

"Оның шарты бойынша балалар Аяз Атаға қандай сыйлық алғысы келетінін хатқа жазды. Хаттардың әрқайсысы жеке конвертке салынып, министрлік қызметкерлеріне берілді. Осылайша, олар балалардың арман-тілегін орындауға көмектесті", – деді Олжас Беркінбаев. 

Ол бүгінде 100-ден аса баладан хат келгенін жеткізді. 

"Жаңа жылдық сыйлықтарды ведомство қызметкерлері балаларға салтанатты түрде табыстады", – деді директор. 

Айта кетейік, осы акция Ұлттық балаларды оңалту орталығында емделіп жатқан балалар үшін ұйымдастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу