Экология министрлігінің мемлекеттік қызметтері толық электронды форматқа көшірілді

562

Мемлекеттік қызметтердің жаңартылған реестріне сәйкес, министрлікке 42 қызмет бекітіліп, оның бәрі автоматтандырылды.  

Экология министрлігінің мемлекеттік қызметтері толық электронды форматқа көшірілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік қызметтерін 100%-ға электронды форматқа көшіруді қамтамасыз етті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр бұл көрсеткіш 87,23% болса, 2020 жылдың басында 90,7%-ды құрады. Өткен жылы мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшірудің 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес 10 қызмет, 2020 жылдың алғашқы жартысында 2 қызмет автоматтандырылды. Атап өтейік, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру – процестің тыңғылықты техникалық дайындығының арқасында жүзеге асты. Осылайша қазір Министрлікте барлық мемлекеттік қызметті электронды форматта алуға болады", делінген хабарламада.

Айта кетейік, министрлік қызметтерді автоматтандырып қана қоймай, олардың бәрін тек электронды формада ұсынуға ұмтылады. Егер 2019 жылы 28 қызмет электронды формада ғана көрсетілсе, қазір қызметтердің 88%-ы (37 қызмет) электронды формада, яғни қағаз түріндегі баламасыз ұсынылады. Енді министрлік мемлекеттік қызметтерді дамыту үшін бизнес-процесстерді оңтайландыру және биометрикалық аутентификация технологиясын енгізуді қолға алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу