Экология: Өскеменде ең ірі кәсіпорынға 45,3 миллион теңге айыппұл салынды

647

Қала халқы ауа сапасы нашарлағанына жиі шағымданады.

Экология: Өскеменде ең ірі кәсіпорынға 45,3 миллион теңге айыппұл салынды Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстандағы ең ірі металлургиялық кәсіпорын "Казцинк" компаниясының Өскемендегі кешеніне экологиялық талаптарды "бұзғаны" үшін 45,3 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық экология департаменті бүгін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кемшіліктер жоспардан тыс тексеру жүргізгенде анықталды. Сынамалар 14-28 желтоқсан аралығында бірнеше күн қатарынан алынды, - деді департаменттің баспасөз хатшысы.

Ақпаратқа қарағанда, металлуогиялық компанияның күйдіру цехынан ауаға залалды қалдықтар шығарылған. Бұл экологилық кодекспен бірге әкімшілік құқық бұзушылық та болып табылды, Осы үшін 1,3 миллион теңге сомасына айыппұл салынған.

Өнеркәсіптік шығарындыларды тексеру кезінде күкірт диоксиді мен көміртегі оксиді қалыпты нормадан бірнеше есе асып кеткені белгілі болды. Сондықтан экология департаменті "Казцинкке" 43,9 миллион теңге айыппұл кескен.

Тексеру қорытындысы бойынша, кәсіпорынға жалпы сомасы 45,3 миллион теңгеге айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою керегі туралы нұсқау берілді, - деп жазады экология департаменті.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, "Казцинк" кәсіпорыны Өскеменде ауаны ластаушы екі кәсіпорынның бірі болып саналады. Екіншісі - қаланың жылу электр орталығы. "Казцинк" мекемесі замануи технологиялар орнатып, экологиялық талаптарды сақтап жатқанын үнемі айтады. Қала халқы ауа сапасы нашарлағанына жиі шағымданады.
Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу