Экология заңнамасын бұзғандарға 32 млрд теңге айыппұл салынды – Серік Шәпкенов

180

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қоршаған ортаны қорғау шараларына тоқталып, өңірдің қазіргі экологиялық жағдайы туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Экология заңнамасын бұзғандарға 32 млрд теңге айыппұл салынды – Серік Шәпкенов Фото: www.gov.kz

"Биыл облыстық экология департаменті өңірдегі экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында 27 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 149 әкімшілік іс қозғалды. Экологиялық заңнаманы бұзғандарға 32 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Ауаға тарайтын газ, басқа да зиянды қалдықтар мөлшерін азайту мақсатында аймақта орманды көбейту мен елді мекендерді көгалдандырудың нақты жоспары бекітілді", – деді Серік Шәпкенов облыстың биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Әкім ұсынған статистикаға сүйенсек, биыл орман алқабына 965,7 мың көшет отырғызылды.

Сондай-ақ қала және елді мекендер ішінде 52,3 га жерге 78,9 мың тал егілді.

"Аймақта ауаға шығарылатын эмиссия көлемі де азайып келеді. Жылына 150 мың тонна қоқыс сұрыптайтын кешен іске қосылды. Одан сұрыпталған картон қағазды қайта өңдейтін цех жұмысын бастады", – деп толықтырды өңір басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу