Экология және цифрлық даму министрліктері бірігіп цифрлық жобаларды іске асырмақ

788

Экология және цифрлық даму министрліктері цифрлық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті, деп хабарлайды ECO NEWS Телеграм каналы.  

Экология және цифрлық даму министрліктері бірігіп цифрлық жобаларды іске асырмақ

Мұндай уағдаластыққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің кездесуі барысында қол жеткізілді.

Экология министрлігі бірқатар цифрлық жобаларды таныстырды. Олардың ішінде, жер шарының кез келген нүктесінен онлайн режимде бірнеше қарапайым қадамдардың көмегімен кен орындары бойынша геологиялық деректерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі бар. Бұл жүйенің басты қағидаты "paper free" тұжырымдамасын пайдалану, яғни құжаттарды қағаз түрінде ұсыну қажеттілігінің болмауы, инвесторларды қызықтыратын және толық ақпаратқа барынша тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу