"Экологияға 204 млн теңге шығын келген": Антикор Іле ауданының әкіміне қандай айып тағылғанын айтты

261

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданы әкімі Бағдат Қарасаевқа қандай айып тағылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Экологияға 204 млн теңге шығын келген": Антикор Іле ауданының әкіміне қандай айып тағылғанын айтты Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров баспасөз мәслихаты кезінде Іле ауданы әкімінің не себепті қамауға алынғанын түсіндірді. 

"Іле ауданының әкімі лауазымын асыра пайдаланып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын өрт қауіпсіздік ережесін бұза отырып, санитарлық-эпидемиологиялық органның рұқсатынсыз өзіне қатысы бар компанияға сенімгерлік басқаруға берді деп айыпталды. Сонымен қатар сенімгерлік басқару уақытын заңсыз ұзартты деп айыпталды", – деді ол.

Іле ауданы әкімі бұл қылмысқа аудандық әкімдіктің бөлім басшыларын, тұрмыстық-коммуналдық үй басқармасының басшыларын тартқан. 

"Полигонда қатты тұрмыстық қалдықты жою жұмыстары жүргізілмеген. Ал полигоннан түскен пайда оның жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Салдарынан аймақ экологиясына 204 миллион теңге шығын келді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу