Экологияға ЖІӨ-нің жарты пайызы бөлінген

1188

Металлургиялық өңірлердің экологиялық төлемі мардымсыз.

Экологияға ЖІӨ-нің жарты пайызы бөлінген

Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымы мен Қазақстандағы Статистика комитетінің экологиялық төлемдер туралы ақпараты сәйкес болмай шықты. Халықаралық ұйым Қазақстанда экологиялық төлемдерге бөлінген қаражат көлемі елдің жалпы ішкі өнімінің 2% -ына тең деген дерек келтірсе, Статистика комитеті бұл көрсеткішті 0,5% деп отыр. Бұл туралы Еnergyprom.kz сайты жазды. 

Аталмыш сайт елдегі қоршаған ортаны ластаушы кәсіпорындар экологиялық төлемді ретсіз аударып отырғанын атайды. 

"Экологиялық төлем бойынша салалар арасында сәйкессіздік бар. Мысалы, Атырау мен Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорындарына қоршаған ортаға шығарылатын зиянды түтін-газдың 10%-ы тиесілі бола тұрып, экологиялық төлемнің 47%-ын аударған. Ал экологиялық эмиссияның 53%-ын шығаратын Қарағанды мен Павлодардағы металлургиялық компаниялар төлемнің 18%-ын ғана өтеген", – деп жазады Еnergyprom.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу