Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Шардара, Арыс, Отырар, Сауран аудандарының және Түркістан қаласының бір бөлігі — бәрі де Арал маңындағы дағдарыс алдындағы аймаққа жатады. Сондықтан олар экологиялық аймаққа енеді. Алайда жағдай мынадай: Сауран ауданы Кентау қаласымен шектеседі, оның жартысы Кентау қаласының аумағында орналасқан және экологиялық апат аймағына енбейді. Осыған байланысты тұрғындар "Кентауды Арал маңының дағдарыс алдындағы аймағына қосу туралы" нормативтік құжат қабылдау мәселесін көтеріп жатыр", — деді Д. Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұл шешім тұрғындардың жалақысын көбейтуге мүмкіндік береді.
"Денсаулық сақтау және Экология министрліктері тиісті зерттеулер жүргізіп, экологияның Кентау тұрғындарына да әсер ететінін анықтады. Осылайша, Кентауды экологиялық аймаққа енгізуге болады деген шешім қабылданды. Бұл үшін қосымша 6 миллиард теңге қажет. Қазіргі уақытта осы қаражаттың қайдан бөлінетінін — республикалық немесе жергілікті бюджеттен алу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Дегенмен, жалпы алғанда, мұндай шешім қабылданғанын айтуға болады", — деді әкім.