Экологиялық қауіпті аймақта тұратын қазақстандықтарға үстемеақы төлеу ұсынылды

238

Депутат Кентау қаласы тұрғындарының мәселесін көтерді.

Экологиялық қауіпті аймақта тұратын қазақстандықтарға үстемеақы төлеу ұсынылды Фото: Pixabay.com

Сенатор Мұрат Қадырбек экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын адамдарға үстемеақы төлеуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Кентау қаласының тұрғындары Арал экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған қауіпті аймақ ретінде дабыл қағып отыр. Олар 2016 жылдан бастап Кентау мен оның айналасындағы елді мекендерді төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймағы деп жариялау мүмкіндігін белсенді түрде талқылап келеді. 

Депутаттың дерегінше, қазір Экологиялық кодекске сәйкес құрылған Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендерді экологиялық апат аймағы деп жариялау мүмкіндігін қарастыратын арнайы комиссия жұмыс істеп отыр.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Түркістан облысының Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің аумағын экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа кіргізу бойынша заңнамалық тиісті өзгерістер енгізу үшін нақты шаралар қабылдауы қажет. Сонымен қатар, аталған аумақта жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге экологиялық аймақта тұрғаны үшін әлеуметтік аударымдармен қоса республикалық бюджеттен 20% үстемақы қаржы қарастыру қажеттігін шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз", - деді сенатор Премьер-министрге жолдаған сауалында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу