Экологиялық кодексті енгізу электр энергиясы тарифін өзгертуі мүмкін

1128

 Өйткені жаңа технологияларды енгізу айтарлықтай инвестицияларды қажет етеді. 

Экологиялық кодексті енгізу электр энергиясы тарифін өзгертуі мүмкін

Жаңа Экологиялық кодексті енгізу электр энергиясы тарифін өзгертуді қажет етеді. Бұл туралы "Самұрық Қазына" әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның сөзінше экологиялық кодексте көзделген өндіріске заманауи технологияларды енгізу үшін электр энергиясының тарифін өзгертуге тура келеді. Өйткені жаңа технологияларды енгізу айтарлықтай инвестицияларды қажет етеді. Тіпті Ахметжан Есімов бұл жөнінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен әңгімелесткенін айтты.

Еске сала кетейік 2018 жылы Бас прокуратура электр энергиясы тарифінің қалыптасуына тексеріс жүргізіп, бірқатар былықтың бетін ашқан болатын. Ол кезде тариф құны 2019-2025 жылдарға ешқандай индексациясыз, яғни таза өзіндік құнының мөлшерімен бекітілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу