Экологиялық кодекстің жобасы талқыланды

621

Сенаттың жалпы отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздің 50 ірі кәсіпорыны болашақта заманауи технология қолдануға көшетінін мәлімдеді.  

Экологиялық кодекстің жобасы талқыланды

"Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға мүмкіндік беретін экологиялық кодекстің негізгі бөлімдеріне тоқталғым келеді. "Ластаушы төлейді" қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау шаралары жатады. Бұған қоса қоршаған ортаға тиген залалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Мемлекет табиғат пайдаланушыларына  экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатын жағдай жасауға тиіс", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқы қалпына келтіруге міндеттеледі.

"Ең озық қолжетімді технологияларды енгізеді деген шартпен бірінші санаттағы нысандар үшін кешенді экологиялық рұқсатқа көшу ұсынылады. Сондай-ақ жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар үшін кешенді экологиялық рұқсат алу міндеттілігі қарастырылды. Ең озық қолжетімді технология енгізудің арқасында еліміздегі экологиялых ахуал жақсарады. Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты 50 ірі кәсіпорынды ең озық қолжетімді технологияға ауыстыру жоспарланған", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу