Жыл басынан бері экология саласында 300 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Алишер Жармағамбетов мәлімдеді.
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Полиция өз кезегінде қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүргізуге және браконьерлікпен байланысты қылмыстық істерді тергеуге көмек көрсетеді. Сонымен, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 300 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша, 304 сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген шығын 13 миллиард теңгеден асады. Жалпы, браконьерліктің себебі – адамдардың өздерінің заңсыз әрекеттерінің экожүйеге әкелетін салдарларының ауырлығын толық түсінбеуінде", – деді спикер.