Экологиялық мәселелерді шешуге арналған жол картасы әзірленді

1905

Жоба нәтижесі 2025 жылға дейін айқын көрінеді.

Экологиялық мәселелерді шешуге арналған жол картасы әзірленді

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында экологиялық мәселелерді қоғаммен, экобелсенділермен бірлесіп шешу жолын қарастырды. Жұртшылықпен талқылау нәтижесінде әкімдік және басқа да құзырлы органдармен бірлесіп экологиялық проблемаларды шешудің жол картасы әзірленді. Оның аясында 485 іс-шара қарастырылған. Осы жылы оның 95-ін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бірінші тоқсанда 70 іс-шара өткізу жоспарланып, оның 42-сі орындалды және 28 іс-шара жүзеге асырылу сатысында", - деді Зұлфұхар Жолдасов.

Спикердің айтуынша, Экологиялық проблемаларды шешу жол картасын іске асыру 2025 жылға қарай еліміздегі 10 қала атмосферасының ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 

"Ірі қалалар ауасының сапасы жақсара түседі. Одан бөлек, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 7 және 24 жаңа полигон салу жоспарланған. Бұған қоса 12 қатты тұрмыстық қалдық полигоны қайта жаңғыртылады", - деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу