Экологиялық шараларға бөлінген қаражаттың 427 миллион теңгесі игерілді

856

Экологиялық шараларға бөлінген қаражаттың 427 миллион теңгесі игерілді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ-ның 2018 жылында орындалған экологиялық шаралары туралы" атты пресс-конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 "Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы" АҚ басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Мұратқұл Макеевтің айтуынша, 2018 жылы жалпы құны 455 миллион теңге болатын экологиялық шараларды орындау жоспарланды. Қазіргі кезде бұл қаражаттың 427 миллион теңгесі игерілді. - Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен экологиялық бақылау бағдарламасын орындау мақсатында атмосфералық ауаны сараптамалық бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Шекті рұқсат етілген концентрация мен шекті рұқсат етілген шығарылымдардың нормадан асуы анықталған жоқ, - дейді Мұратқұл Макеев. - Азот оксиді шығарылымдарының нормативті көлемін қамтамасыз ету мақсатында №1 және №2 станциялары энергоблоктарының пеш құралдарының 48 бірлігі жөнделді. Атмосфераның ластануы едәуір қысқарды. Бұрын бұл көрсеткіш жылына 28 тоннаны құраса, қазіргі кезде сегіз тонна".

Мұратқұл Макеев күл жағажайларын керу бойынша жыл сайын тау-техникалық рекультивация әдісі арқылы 32 гектарда тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Экологиялық тиімділігі – күл шығару жылына 37,95 тоннаға азайды. Станцияның қуаттылығы 1000 МВт. Қондырғылардың негізі ресейлік өнім. Бірінші блок 1990 жылы іске қосылса, екіншісі 1993 жылдың желтоқсанында жұмысын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу