Экологиялық талапты бұзғандарға 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынған

1247

Өнеркәсіп ошақтары жиі қоныстанған Атырау облысы орталығының ауа райы сын көтермейді. 

 Экологиялық талапты бұзғандарға 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынған

"Атырау облысының қоршаған ортаны ластауды азайту" туралы кешенді бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама тұрғындарының қоршаған ортаға тарап жатқан жағымсыз иіс туралы шағымдарының негізінде қолға алынды, деп хабарлайды 24.kz.

Шынында, өнеркәсіп ошақтары жиі қоныстанған облыс орталығының ауа райы сын көтермейді. Тек өткен 9 айда табиғат пайдаланушылар тарапынан еліміздің экологиялық талаптарын бұзғаны туралы 248 дерек тіркеген. Қоршаған ортаға тарайтын зиянды қалдықтарды шектен асырған мекеме-кәсіпорындарға 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Биылдан бастап Атырауда ауа мен су және топырақтың шектен тыс ластануын болдырмау мақсатында бірқатар шара қолға алынады.

"Жаңадан салынатын лас суларды тазалау кешені, қоқыс полигонын жауып, жаңасын салу, сонымен қатар әрбір үлкен кәсіпорындарға нақты шаралар қабылдау үшін осы жоспар ұсынылады", - дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Қайратқали Хайролла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу