Экологиялық таза кеңсе пайда болды

5127

Экологиялық таза кеңсе пайда болды

Енді Қазақстанда экологиялық таза кеңсе бар. Алматыда осындай ерекше орталық  ашылды. Нақтыласақ, Махатма Ганди саябағында тұрғызылған 6 қабатты ғимарат түгелдей эко-материалдардан салынған. Кеңсе 9 балдық жер сілкінісіне  төзімді. Сондай-ақ, жаңбыр суын тазалап, қайта іске жарататын жүйесі де іске қосылған. Ең бастысы - терезелері күн энергиясын жинап, бөлме ішін жылытуға қауқарлы. Ал, қабырғалары  болса жылуды ұзақ сақтайтын материалмен жасалаған.   Ғимарат иесі эко-кеңсе қызметкерлердің еңбек қабілетін арттырып, шаршауларын басуға үлкен сеп боларына кепілдік бермек. 

Максим Барышев, "Учет.kz" брендінің иесі

0,43 кеңсенің жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. 280 млн теңге ғимараттың құрылысына жұмсалды. Жобалау жұмыстары мен құрылысты отандық компаниялар айналысты.  Бірақ бұл ғимараттың құрылысы қарапайым үйлерден 20 пайызға қымбатырақ болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу