Маңғыстау облысында экологиялық заң талаптарын бұзған 88 тұлғаға 30 миллиард теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды 24.kz.
Экология департаментінің қызметкерлері былтыр аймақта 56 тексеру жүргізіп, қоршаған ортаға залал келтірген компанияларды анықтады. Заң бұзғандардың басым бөлігі мұнай мен газ өндірушілер. Оларға қатысты 142 әкімшілік іс қозғалды. Бүгінгі таңда салынған айыппұлдардың 61,4 млн теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Қалған 29,7 млрд теңгені өндіру бағытындағы құжаттар заң орындарында қаралуда
"Өткен жылдың қорытындысымен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмай, қоршаған ортаға келтірілген зияны үшін 7 мекеменің өндіріс ошақтарының қызметі сот шешімдерімен тоқтатылған. Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасуда", – дейді облыстық экология департаменті басшысының м.а Руслан Төкенов.