"2021 жылдың 1 жартыжылдығында республика бойынша 570 экологиялық тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы 1338 нұсқама берілді. Олардың 52% орындалды. Бұл ретте заңбұзушылықтарға жол берген кәсіпорындарға жалпы сомасы 707,13 млн теңгеге 1128-ден астам әкімшілік айыппұл салынды", – деп хабарлады миинистрліктен.
Бүгінге дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ 5811 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін анықтаған. Оның 34% жойылғаны хабарланып отыр.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша табиғи қоқыстардың пайда болуын жою және оны болдырмау мақсатында рекреация аймақтары бойынша рейдтер жүргізілуде",– делінген хабарламада.