Экологиялық жобаларға қаржылай қолдау жасалады

1096

Экологиялық жобаларға қаржылай қолдау жасалады

БҰҰ даму бағдарламасының биоалуандылықты сақтау бастамасы аясында экологиялық жобаларға қаржылай қолдау жасалады. Ол үшін "Эко-Даму" шағын несиелер бағдарламасы да қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Ұлттық қорықтардың маңайында тұратын елді мекендер үшін арнайы несиелер қарастырылған. Ауыл тұрғындары ағаш кесіп, балық ауламас үшін біз оларға шағын қонақ үй ашу, тоған шаруашылығын дамыту, орман алқаптарын өсіру, я болмаса, ара шаруашылығын жүргізу сияқты кәсіп түрлерін ашуға демеу жасаймыз. Қаржылай қолдау да бар. Адамдар несиені 4 пайызбен ала алады", - дейді БҰҰ даму бағдарламасының биоалуандылықты сақтау жөніндегі жобалардың менеджері Талғат Кертешев.

Оның айтуынша, халық арасында "Эко-Даму" шағын несиелер бағдарламасына сұраныс жоғары. Себебі пайыздық мөлшерлемесі төмен.

"Мәселен, біз 1,5 млн долларды ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы Барсакелмес, Үстірт, Алтынемел және Іле-Балқаш резерваты төңірегінде тұратын елдеімекендерге таратып бердік. Оны жарты жылдың ішінде талап әкетті. 83 жобаның аясында  200-ден астам жұмыс орны ашылды. Енді, келесі жылда несие қайтарылады. 2019 жылы бастап бағдарламаның екінші кезеңі басталады. Онымен төрт қорық емес, 26 қорықты қамту жоспарланған. Сондықтан осы жұмысқа ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан да ақша бөлінуі керек. Өйткені 1,5 млн доллар аз болады", - деп атап көрсетті Кертешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу