Экологтар Маңғыстауда төгілген мұнайға қатысты түсініктеме берді

422

Маңғыстау экологтары қоршаған ортаны ластайтын мұнай ұңғымаларының иесін жауапкершілікке тарта алмайтындықтарын мәлімдеді.

Экологтар Маңғыстауда төгілген мұнайға қатысты түсініктеме берді Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде жылқылардың мұнай қалдықтарына ұқсайтын сұйықтық ішіп жатқанын көрсететін видео пайда болды. Кадрлар Жетібай кентінен 15 шақырым жердегі табиғи-қорғау аймағында түсірілген. Төгілген қалдық үшін ешкім жауапты емес, аумақ қараусыз қалған күйде тұр.

Экологтардың айтуынша, ескі құдықтардың иесі жоқ, ал жер учаскесі мемлекет меншігіне берілген. Сондықтан ластанған аумақты қоршаудан басқа амал жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде басталды.

"Шалва" кен орны бұрын "Мұнайсервис" мекемесіне қарайтын. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын жоқ. Біз тексеру жүргіздік. Олардың басшылары Қазақстанда болмағандықтан, тиісті шаралар қабылдау мүмкін емес. Кінәлілерді іздеу үшін құқық қорғау органдарына жүгіну қажет деп санаймын”, – деп түсіндірді облыстық экология басқармасының бөлім басшысы Мағжан Ғалымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу