Экологтар мен NCOC компаниясының дауы бойынша сот тергеуі қайта басталады

230

Мұндай шешімді апелляциялық алқа шығарды. 

Экологтар мен NCOC компаниясының дауы бойынша сот тергеуі қайта басталады Фото: pixabay.com

Астана сотының апелляциялық алқасы экологтар мен Қашаған Солтүстік Каспий операциялық компаниясының (NCOC) операторы арасындағы дауда сот тергеуін қайта бастау және сот-сараптамалық зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс-Казахстан агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында, іс үшін маңызды болып табылатын сот тергеуін қайта бастау және істі мәні бойынша қайта қарауды сот жүйесі қажет деп санады. Бұл ретте алқа қайта сот-сараптамалық зерттеуді тағайындау туралы ұйғарым шығарады, және ол Әділет министрлігінің "Сот сараптамасы" РМҚК орталығының сарапшыларына тапсырылады", - деп мәлімдеді төрағалық етуші Дамир Абдуғалиев.

Алайда, төрағалық етуші бұл шешімнің шағымдануға жатпайтынын алға тартты.

Сондай-ақ, сот тараптардан мүмкіндігінше жедел түрде қажетті құжаттарды сарапшыларға ұсынуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу