Экономика бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы кімге бұйырды?

831

10 миллион швед кроны (шамамен 900 000 доллар) көлеміндегі жүлде барлық лауреаттар арасында бірдей бөлінеді. 

Экономика бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы кімге бұйырды?

Экономика бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары – АҚШ-та тұратын Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филип Дибвиг, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сыйлық "банктер мен қаржылық дағдарыстарды зерттеу" үшін беріледі.

"Биылғы Экономика лауреаттары Бен Бернанке, Дуглас Даймонд және Филипп Дибвиг банктердің экономикадағы рөлі туралы түсінігімізді айтарлықтай жақсартты, әсіресе қаржылық дағдарыстар кезінде. Олардың зерттеулерінен маңызды үзінді – банктердің сәтсіздігін болдырмаудың маңыздылығы", деп жазылған  комитет таратқан ақпаратта.

Бернанке 1953 жылы дүниеге келген және Массачусетс технологиялық институтында оқыған. 2005-2006 жылдары Ақ үй жанындағы Экономикалық кеңесшілер кеңесінің басшысы болды. Ал 2006-2014 жылдар аралығында ол АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің басшысы қызметін атқарған.

1953 жылы туған Даймонд Йель университетінде оқыған. Ол қазір Чикаго университетінің қаржы профессоры.

Дибвиг 1955 жылы дүниеге келген және Йель университетінде оқыған. Ол қазір Миссури штатындағы Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінде, қаржы және банк ісі профессоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу