Экономика қалыпқа келсе, Facebook кірісі азаяды

718

2021 жылдың екінші жартысында компанияның кірісі айтарлықтай азаяды.

Экономика қалыпқа келсе, Facebook кірісі азаяды

Экономиканың қалыпқа келуі, коронавирустық шектеулердің қысқартылуы және адамдардың офлайн режимге шығуы Facebook-ке кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz Insider дерегіне сілтеме жасап. Маусым айының соңында тіркелген бір триллион доллар көлеміндегі капитализацияға қарамастан, компания өсімі баяулауы ықтимал. 

Екінші тоқсанда Facebook 29,1 миллиард доллар тапты. Акцияның бағасы 3,61 долларға дейін өсті.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың саны 2,9 миллиардқа жетті. Олардың саны коронавирустық пандемия кезінде күрт өсті. Facebook мәліметі бойынша, көрсетілген жарнаманың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға, осы сегменттен түскен кіріс 47%-ға артқан. Алайда  адамдар біртіндеп офлайн режимге шықса, бұл көрсеткіштер төмендеуі мүмкін. Компания өкілдері індет баяулаған кезде, яғни 2021 жылдың екінші жартысында кіріс көлемі айтарлықтай азаяды деп топшылап отыр. Осы мәлімдемеден кейін компания акциялары шамамен 4,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар АҚШ үкіметі де компанияның өсуін тежеуде. Маусым айының ортасында Конгресс Facebook пен бірқатар компанияның ықпалын шектеуге бағытталған монополияға қарсы заң жобасын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Фото: Unsplash.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу