Экономика мемлекет иелігінен шығарылады

1207

2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады.

Экономика мемлекет иелігінен шығарылады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында 2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданатынын жариялады. 

"Мемлекеттік аппаратты және квазимемлекеттік сектор жұмыскерлерін қысқарту аясында 2020 жылы олардың саны 10, келесі жылы тағы 15% қысқарады. Кәсіпкерлікті қолдау аясында мемлекет пен квазимемлекеттік сектордағы жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын және орта бизнес үшін жалдау төлемақысын есептеу жыл соңына дейін тоқтатылады", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, экономиканы мемлекет иелігінен шығару үшін 2025 жылға дейін жекешелендірудің жаңа жоспары қабылданады.

"Жолдауды тиімді іске асыру үшін министрлік жобалық тәсіл қолданады. Көрсетілген шаралардың сапалы, жедел және ашық іске асырылуы қамтамасыз етіледі", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу