Экономика министрі тұтынушылар көп шағымданатын салаларды атады

972

 Экономика министрі тұтынушылар көп шағымданатын салаларды атады

Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ұлттық экономика министрлігіне, орталық әрі жергілікті атқарушы органдарға тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесінде қатаң ұстаным болуы керектігін тапсырамын. Отырыс барысында халықтың тиісті деңгейде ақпараттандырылмай отырғандығы көтерілді, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды белсендірек іске асыру қажет",- деп жүктеді Б. Сағынтаев.

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандық тұтынушалар көп шағымданатын салаларды атады. Белгілі болғандай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар тұтынушылардан түскен 23 мыңнан астам өтінішті қарады. Олардың ішінде ұлттық банкке 56 пайызы, ұлттық экономика министрлігіне 19 пайызы, денсаулық сақтау министрлігіне 11 пайызы, қаржы және энергетика министрліктеріне 3 пайыздан тиесілі", - деп тоқталды министр.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдар қарастырған шағымдар мәнін ескере отырып, онда өтінімдердің басым бөлігі қарыздарды қайта қаржыландыру мен банк зайымдарына қызмет көрсету мәселелеріне қатысты екендігі белгілі болды. Денсаулық сақтауда арыздар негізінен медициналық қызметтердің сапасы мен оның дер кезінде көрсетілуіне байланысты болып отыр. Ал ТКШ бағытындағы шағымдар табиғи монополиялар мен қоғамдық маңыздағы нарықтардың қызметіне баға мен тарифтердің өсуіне, сондай-ақ ПИК-тер мен басқарушы компаниялар қызметінің сапасына қатысты. Мұнымен қоса, бөлшек саудада қадағалау-кассалық чектердің берілмеуі, таразыда кем өлшеу, сапа сертификатының болмауы секілді кемшіліктер орын алып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу