Экономика өсімін қамтамасыз етуде қандай шараларға назар аудару қажет

818

Жергілікті жерде азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алу керек.

Экономика өсімін қамтамасыз етуде қандай шараларға назар аудару қажет

2019 жылдың қорытындысында экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін жергілікті жерде азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай шараларға баса назар аударуы қажет. Бірінші, экономиканың базалық салаларында және өңірлерде қол жеткізілген өсу қарқынын төмендетпеу керек. Екінші, өңірлер жергілікті жерде азық-түлік тауарларының бағасын ерекше бақылауға алуы қажет", – деді ол.

Министрдің айтуынша, үшінші, құрылыс нысандарын мерзімінде аяқтауды қамтамасыз еткен жөн. "Төртінші, инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету керек", – деді Р.Дәленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу