Экономика саласы бойыншы Нобель сыйлығы берілді

1120

Экономика саласы бойыншы Нобель сыйлығы берілді

2017 жылғы Альфред Нобель атындағы Швеция мемлекеттік банкінің сыйлығы экономика саласындағы зерттеулерге берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығы америкалық Ричард Тайлерге экономиканы зерттеуге үлес қосқаны үшін табыс етілді, деп мәлім етті Корольдік ғылым академиясының Нобель комитеті.

Тайлер 72 жаста, ол қазір АҚШ-та тұрады, Чикаго университетінің оқытушысы. Сыйлық 1968 жылы Швеция мемлекеттік банкіне 300 жыл толуына орай тағайындалды.

Банк жыл сайын Нобель қорына бір Нобель сыйлығының көлеміне тең қаражат аударады. Өйткені, Альфред Нобель кәсіпкер бола тұра көптеген экономикалық мәселелерді шешкенімен, 1895 жылғы өсиет хатында экономика саласы жайлы айтпаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу