Экономика үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігі артады

726

Экономика үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігі артады

Инфляцияның  2018  жылға  арналған  нысаналы  бағдары  2020  жылға  қарай  4%-ға дейін  және  одан  төмен  біртіндеп  төмендеумен  және  қаралып  отырған  кезең  –  2022 жылдың  соңына дейін    осы деңгейде сақтала отырып  5-7%  деңгейінде айқындалды.  Бұл туралы  бүгін  ҚР  Ұлттық  Банкінің төрағасы  Данияр  Ақышев  ҚР  үкіметінің  селекторлық режимдегі отырысында баяндама жасап, хабарлады.

Оның   айтуынша,  "Ұлттық  Банктің   болашақ   инфляцияны  және  халықтың инфляциялық күтулерін бағалауы инфляцияның нысаналы шекте орнықты болатындығын көрсетеді. Ұлттық  Банктің  саясаты  экономикалық  өсудің  нысаналы  өлшемдеріне   қол жеткізуде  Үкіметтің  шараларына    ықпал  етеді.  Атап  айтқанда,  базалық   мөлшерлеме деңгейі  нақты  көрсетуде  экономикалық  өсудің  ұзақ  мерзімді  қарқындарымен салыстырмалы  деңгейде,  яғни  4%-дан   жоғары   емес   болады,  –  деп  жалғастырды Д.  Ақышев.  –  Соның  салдарынан,  біріншіден,  теңгенің  нақты  бағамы  отандық   өнімберушілердің   бағаға  бәсекеге   қабілеттілігін  сақтауды  қамтамасыз  етеді,  екіншіден, экономика үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігі артады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу