Экономикадағы бәсекеге қабілетті елдердің рейтингі жасалды

1521

Экономикадағы бәсекеге қабілетті елдердің рейтингі жасалды

Швейцарияның IMD бизнес-мектебінің бағалауы бойынша, Ресей экономикадағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінен 44-тен 46-шы орынға, яғни екі саты төмен түсті. Ал Қазақстан керісінше, 32-ші орынға көтеріліп, Ресейден озып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Украина 60-шы орынға ығысты, деп жазады rbc.ru. Мамандар бұл Ресейдің 2012 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіші екендігін айтуда. Бір жыл ішінде Ресейден экономикадағы бәсекеге қабілеттілігі жағынан Индоензия мен Қазақстан басып озды.

Рейтингті анықтау үшін бәсекеге қабілеттілік ретінде экономиканың көрсеткіштері, үкімет жұмысының тиімділігі мен бизнес пен инфрақұрылымның сапасы назарға алынған. Қазақстан 47-ден 32-ші орынға көтеріліп, өзінің позициясын нығайта түсті. Өткен жылдар ішінде еліміз "Мемлекет қаржысы" бағыты бойынша 51-ші орыннан бірден 4 сатыға көтеріліп, қарышты қадам жасады. Ал "ішкі экономика" бағыты бойынша 51-ші орыннан 40-шы орынға көтерілді. Сондай-ақ, Қазақстан "Бизнестің тиімділі" талаптары бойынша да айтарлықтай жетістікке жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу