Экономикадағы несие көлемі 13,9 трлн теңгеге жетті

849

Азық-түлік өнімдері 9,6%-ға қымбаттады. 

Экономикадағы несие көлемі 13,9 трлн теңгеге жетті

Үкіметің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2019 жылы ұлттық валюта 0,4%-ға нығайғанын жариялады.

"Жалпы алғанда экономикадағы несие көлемі 5,9%-ға артып, 13,9 трлн теңгені құрады. Теңгемен берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі 
12%-ға азайды", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Сөз арасында ол өтеу мерзімі 90 күннен кешіктірілген тұтынушылық несиеге комиссия қосуға және тұрмысы төмен отбасыларға несие беруге тыйм салынғанын айтты. 

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, 2019 жылы екінші деңгейлі банктердің активтеріне алғаш рет тәуелсіз сараптама жүргізілді. 

Ерболат Досаев инфляция мен қымбатшылық туралы да сөз қозғады. 

"Инфляция 2,4%-ды құрап, азық-түлік өнімдері 9,6%-ға қымбаттады. Нан және нан өнімдерінің бағасы едәуір өсті", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу