Экономикалық белсенділік артып келеді – Тимур Сүлейменов

267

Жалпы ішкі өнім қарқыны 6%-ға жетті.  

Экономикалық белсенділік артып келеді – Тимур Сүлейменов Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк Тимур Сүлейменов экономикадағы өндіріс секторы ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, экономикалық белсенділік артып келеді. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша қаңтар-сәуір айларында жалпы ішкі өнім қарқыны 6%-ға барды. Оған себеп – мұнай өндірісінің қалыпқа келуі және шикізаттық емес салалардағы қарқынның артуы. Ең жоғары өсім 22,4%-бен көлік және қоймалау саласында, оның ішінде құбыржелісі көлігінде және құрылыс саласында да байқалды –16,2%. Мұның бәрі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуымен тығыз байланысты. Баға өсімі тіркелген салаларда еңбек өнімділігі артқаны да байқалады. 2025 жылғы бірінші тоқсанда өнім беру көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі салаларында нақты жалақының динамикасынан асып түсті. Бұл жақсы фактор, өйткені шығындарға тосқауыл болып, бірқатар секторда дезинфляциялық әсер қалыптастырды", – деді ол.

Тимур Сүлейменов экономикадағы өндіріс секторы ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай жатқанын айтты. 

"Сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық сақталып, инфляциялық қысымды күшейте түсті. Тұтынушылық белсенділік артып келеді. Алдыңғы айларда біраз тұрақты болғаннан кейін сәуір айында қайта көтерілгені де байқалады. Сұраныстың өсуіне тұтынушылық кредиттеудің белсенді орындалуы мен нақты кірістердің қалыпты өсуі себеп болды. Тұтынудың жоғары деңгейі, әсіресе, азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде төлем карталары бойынша айналымның ұлғаюымен және бөлшек саудадағы тауар айналымының жандануымен расталды", – деді Ұлттық банк басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу