Экономикалық контрабанда жасаған күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді

376

Қазіргі таңда ер адам депортацияланып, Алматыда қамауға алынды. 

Экономикалық контрабанда жасаған күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді Фото: Polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша түрік әріптестерімен бірлескен әрекет барысында және ҰҚК мен ҚР Елшілігінің қолдауымен “қызыл бюллетень” бойынша халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ол экономикалық контрабанда жасағаны үшін іздеуде жүрген еді. Ол өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен 56 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді. Белгілі болғандай, 2017 жылы күдікті және басқа да адамдар Қазақстан Республикасының аумағынан

Түркия Республикасына бағалы металл – алтынды заңсыз әкеткен. 

Ер адам көліктегі полиция департаментінің бастамасымен ұсталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу