Экономикалық көрсеткіштер бойынша 9 өңірде оң өсім тіркелді

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға қандай шараларға назар аудару ұсынылды?  

Экономикалық көрсеткіштер бойынша 9 өңірде оң өсім тіркелді Фото: mail.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы   жалпы жағдай мынадай: Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 9 өңірде – Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалды", – деген министр орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару ұсынылғанын жеткізді:

Отандық азық-түлік тауарларын өндірушілерге қолдау шараларын көрсету және олармен сату бағасын белгілеу   туралы келіссөздер жүргізу;

Инвесторларға кешенді қолдау көрсете отырып, инвестиция ағынын ұлғайту бойынша тиімді шараларды іске  асыру;

Көктемгі егіске тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуге кешенді қолдау көрсету, өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету;

Экспорттау бағыттарының баламалы жолдарын қалыптастыру арқылы отандық өнімнің жаңа нарықтарға шығуына қолдау көрсету, шикізаттық емес экспортты жан-жақты қолдау;

Бизнес өкілдерін кешенді қолдау және олар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу