Экономикалық қылмыстар үшін Қазақстанда қамауға алмайтын болады. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды КазТаг.
"Бизнеске қысымды азайту үшін экономикалық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі қамауға алмайтын боламыз. Ондай қылмыстар адам өміріне қауіпті емес", - деді дүйсенбіде Марат Ахметжанов "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру барысында.
Бұған рейдерлік, жалған ақша жасау, контрабанда, қаржы пирамидалары және ұйымдасқан қылмыстар, қылмыстық топтар кірмейді. Сондай-ақ, егер салықтық тексеріс немесе ревизия, болмаса жалғандығы немесе мәміленің көлгірлігі туралы сот шешімі болмаған жағдайда тексеруді бастауға тыйым салатын норманы заңға қосымша актіден кодекске ауыстырған. Сонымен қатар бұл мәселеде міндетті сот шешімі қаралатын болады.
Сонымен қатар бас прокурордың орынбасары тергеушілердің құқығын шектеу мәселесін көтерді.
"Қазір тергеуші меншік иесінің мүлкін пайдалану құқығын 10 күнге шектей алады 10 күннен кейін ол шектеуді алуға міндетті немесе мүлікке тыйым салу үшін сотқа баруға тиіс", - деді спикер.
"Тағы бір мәселе – ол жарыспалылықты күшейту. Біз адвокаттардың өкілеттігін кеңейтіп жатырмыз, олар судья арқылы тергеушілерден оларға қажет тексерулерді, тінтулерді, эксгумация, және басқа да тергеу амалдарын жүргізуді талап ете алады және т.б.", - деді Марат Ахметжанов.