Экономикалық қылмыстар бойынша айыппұл көлемі ұлғаяды

1246

Тиісті заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр.

Экономикалық қылмыстар бойынша айыппұл көлемі ұлғаяды

Қаржы министрі Әлихан Смайылов бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жекелеген экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру мәселелері пысықталып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды .

Заңды тұлғалар үшін салықтық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілік шегін 20 000 АЕК-ден (48,1 млн тг) 50 000 АЕК-ке дейін (120,2 млн тг) арттыруға қатысты тиісті заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр.

Оңалту және банкроттық бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерінде қалып қойған активтерді экономикалық айналымға қайтару бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

"Қаржылық қиындықтары бар кәсіпорындарға қолдау көрсету мақсатында, жағдайды банкроттыққа дейін жеткізбей, ерте кезеңде төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндіктері қарастырылып жатыр", — деді Смайылов үкіметтің баспасөз орталығының алаңында.

Бұл шараларды іске асыру үшін қаржы министрлігі оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру жөніндегі заң жобасын әзірледі, оның аясында оңалту рәсімдерін бастау және оны жүргізу тәртібінің шарттары қайта қаралатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу