Экономикалық мәжбүрлеу тетігі іске қосылды

835

Сенатта ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пайдаланылмай жатқан жерді жылдам қайтарып алудың механизмі әзірленіп жатқанын жариялады. 

Экономикалық мәжбүрлеу тетігі іске қосылды

Бұл шара заң аясында атқарылып, жерді қайтарып алу мерзімі қысқартылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір барлық ауыл шаруашылығы алқаптарына 
бақылау жүргізіліп жатыр. Мақсат – жерді ұтымды пайдалану.

"Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарту бойынша заңнамалық механизм әзірленіп жатыр", – деді Сапархан Омаров.

Бұан кейін ол пайдаланылмайтын жерге салынатын салық мөлшері
10-нан 20%-ға дейін ұлғайтылғанын еске салды.  

"2020 жылғы желтоқсанда салық кодексіне заңнамалық түзету енгізілді. 
Ұтымсыз жер пайдаланушылар пайдаланылмайтын жерлерден өз еркімен бас тартуы үшін экономикалық мәжбүрлеу тетігі іске қосылды", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу