Экономикалық өсім 3%-ды құрады

676

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3%-ды құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Экономикалық өсім 3%-ды құрады

"Осы жылдың қаңтар-тамызында нақты сектордағы өсім 3,5%-ды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетіп жатыр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында да оң өсім байқалуда", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, өндіруші емес салаларға инвестиция тарту қарқын алып келеді. 

"Есептік кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 18%-ды құрады. Инвестиция құрылыс саласында – 2,5 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 81,7%-ға, ауыл шаруашылығында – 43,2%-ға, саудада – 39,9%-ға, ақпарат және байланыста – 37%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында –16,2%-ға және көлік саласында – 9%-ға өсті", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу