Экономикалық өсімге құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары зор үлес қосуда

1116

Экономикалық өсімге құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары зор үлес қосуда

Еліміздің  экономикасы 9 айда 0,4 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Алдын ала мәліметтер бойынша экономикалық өсім 9 айда 0,3 пайызға өскен. Ал қаңтар-тамыз айы аралығында 0,4 пайызға артты", – дейді Бишімбаев.

Оның айтуынша, елімізде инфляция қарқыны төмендеп, валюта нарығы тұрақтаған және бизнеске деген инвестициялық белсенділік артқан. Сондай-ақ ол жұмыссыздық төмен деңгейде сақталып отырғанын атап өтті.

"Экономикалық өсімнің негізгі үлесін құрылыс (6,9%), ауыл шаруашылығы (4,9%), көлік (4,0%), өңдеуші өнеркәсіп (0,6%) салалары құрап отыр", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу