Экономикалық шараларға қарамастан акциялар құлдырап жатыр

895

Жапониядағы биржа саудасында негізгі индекстер төмендеуде.

Экономикалық шараларға қарамастан акциялар құлдырап жатыр

Nikkel 225 индексі 3,84%-ын жоғалтты. Topix 4,37%-ға кеміді. Softbank Group конгломератының құнды қағаздары 7,74%-ға құлдырады. 

Басқа азиялық нарықтардағы жағдай көңіл көншітіп отырған жоқ. Ол алаңдарда да көрсеткіштер төмендеуде. Мысалы, оңтүстіккореялық Kospi 2,44%-ға, гонконгтік Hang Seng индексі 2,02%-ға түсіп кетті. Shanghai Composite болса, 1,17%-ға төмендеді. MSCI Asia ex-Japan 5%-ға құлдырады. 

Оң көрсеткішке ие болып отырған тек австралиялық ASX 200  индексі: 2,14 пайызға көтерілді. 

Азиялық инвесторлардың назары қазір Covid-19  пандемиясында. Соңғы мәлімет бойынша, науқастардың саны 720 мыңнан, ал қаза тапқандардыкі 30 мыңнан асып кеткен. Кей сарапшылардың ойынша, нарықтағы құбылмалылық біразға дейін сақталуы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу