Экономикалық тергеу қызметі мамандарының 40 пайызы қысқартуға ұшырайды

1164

 Штат санын қысқарту арқылы үнемделген қаржы өзге қызметкерлердің еңбекақысын өсіруге жұмсалмақ. 

Экономикалық тергеу қызметі мамандарының 40 пайызы қысқартуға ұшырайды

Экономикалық тергеу қызметінің  қызметкерлері 40 пайызға қысқарады. Бұл жайында қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша, штат санын қысқарту арқылы үнемделген қаржы өзге қызметкерлердің еңбекақысын өсіруге жұмсалмақ. Ал жоғары жалақы өз кезегінде салаға білікті маман тартуға септігін тигізбек.

Сондай-ақ, министр аталмыш қызмет 2019 жылдың басында қаржы мониторингі комитетінің қарамағына өтетінін айтты. Сол арқылы экономикалық тергеу қызметі қайта қаралып, жұмыс барысы да жаңаша бағдарланбақ. Мәселен, алдағы уақытта экономикадағы көлеңкелі схемаларға жол бермеу үшін заңнамаға енгізілуге тиіс қажетті түзетулер анықталып, тиісті мемлекеттік органдар мен уәкілетті органдарға нұсқама жасалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу