Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған

1032

Ол пара алғаны үшін сотталған. 

Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерді  бопсалады деген күдікпен ұстады, деп хабарлады ҚМК баспасөз қызметі.

"Алдау және сенімін пайдалану арқылы өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде таныстырған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Ол кәсіпкерден 30 млн теңге ақша бопсалады", – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі күдіктінің қылмыс үстінде ұсталғанын және оны мойындағанын атап өтті.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында құқық бұзушының Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері екендігі анықталды, 2017 жылы ол пара алғаны үшін сотталып, жұмыстан босатылған", – деп көрсетілген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу