Экономиканы ырықтандыру қағаз жүзінде ғана орындалып жатыр – Қасым-Жомарт Тоқаев

171

Үкімет Жарлықты орындауға қатысты ұстанымдарды бір айдың ішінде қайта қарауға тиіс.

Экономиканы ырықтандыру қағаз жүзінде ғана орындалып жатыр – Қасым-Жомарт Тоқаев Фото: Ақорда

Құзырлы органдар құжатта көрсетілген тапсырмаларға атүсті қарайды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Енді "Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы" Жарлықты орындау мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. 

Бұл жұмыс іс жүзінде емес, қағаз жүзінде ғана орындалып жатыр деуге болады. Құзырлы органдар құжатта көрсетілген тапсырмаларға атүсті қарайды. Бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасауды емес, құр есеп беруді ойлайды. Соның салдарынан Жарлықта айқындалған басты міндеттер толығымен орындалған жоқ. 

Мысал ретінде мемлекеттік активтерді жекешелендіру үдерісін алып қарайық. Үкімет жеке меншікке өтуге тиіс 473 кәсіпорынның тізімін былтыр қазан айында бекітті. Бірақ активтерді саудаға шығармақ түгілі оны сатуға дайындық шараларының өзі әлі басталған жоқ", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, құзырлы органдар құжатта көрсетілген тапсырмаларға атүсті қарайды.

"Мемлекеттік мүлік туралы" жаңа заң да қабылданбады. "Қандай кедергі пайда болды? Мемлекеттік органдар неліктен өз активтерінен айырылғысы келмейді?" деген сұрақтар болуы мүмкін. Нақты себептер бар шығар, бірақ олар туралы бейхабармын.

Себебі бұл активтер мемлекет бюджеті есебінен қамтамасыз етіледі, яғни, оған қазынадан қомақты қаражат жұмсалып жатыр. Бұл жағдай жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп, бәсекелестікті тежейтінін ұмытпауымыз қажет. 

Үкімет Жарлықты орындауға қатысты ұстанымдарды бір айдың ішінде қайта қарауға тиіс. Басты мақсат – бизнеске шын мәнінде қолайлы жағдай жасайтын нақты шаралар қабылдау", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу