Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

498

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті Фото: primeminister.kz

Қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер енгізу, оның ішінде жоспардан бірнеше коммуналдық меншік кәсіпорындарын алып тастау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін сату жоспарлары қаралды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу